ТҰҚЫМДЫҚ ТҮРЛЕНДІРУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Статистика департаментінің осы жылғы 1 маусымдағы мәліметі бойынша облыста 127 мың аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 34,5 мың бас аналық сиыр және 1,5 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда.
Бүгінгі күні аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 27,1%-ды, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 70,0%-ды құрап отыр.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша ет пен сүтті молайтуға негіз болатын бұл бастама аясында жүмыстар алда да жалғаса береді.