ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Басқарма есебіне сәйкес, облыста биыл жалпы ауданы 141,3 мың шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарға барлық қаржыландыру көздерінен 2 260,4 млн.теңге қаржы бөлінген.
ҚР Ұлттық қорынан 1 562,5 млн.теңге қаржы Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі №2 кварталындағы 160 пәтерлі №8 және 50 пәтерлі №16 тұрғын үйлердің құрылысы жұмыстарына бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Мұндағы 160 пәтерлі №8 тұрғын үй биыл пайдалануға берілсе, 50 пәтерлі №16 тұрғын үйге баспана кезегін күткендер келер жылы қоныстанады.
Осы жылғы 1 шілдеге дейін Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі және Титов ауданындағы 16 тұрғын үй мен Сырдария ауданындағы 10 тұрғын үйдің құрылысына, Байқоңыр қаласында көппәтерлі 5 үйдің және Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасатын 4 үйдің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген қаржы жоспарға сай игерілді.