ГАЗДАН МЕРТ БОЛҒАНДАР САНЫ 4 АДАМҒА ЖЕТТІ
Бұған дейін қаладағы №1 кәріз насосы станциясында жұмыс істеп жатқан «Қызылорда су жүйесі» жұмысшылары газға уланып, олардың үшеуі қаза тапқанын хабарлаған едік. Ал бүгін оқиға құрбандары тағы бір адамға артты. Кеше ауруханаға түскен ол бүгін жан тапсырған.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, газға уланған бесінші адам есін жиыпты.