ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының жарты жылдық есебіне сәйкес Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарының әлеуметтік нысандарындағы 32 жылу қазандығын газға қайта жабдықтау жұмыстарына 168,779 млн. теңге бөлінген.
Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оңалту орталығының қазандығын газға ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына 175,471 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурстық жұмыстар жүргізілуде.
Осылармен қатар келер жылға облыс орталығындағы жылу желілерін жаңғырту және кеңейтуге бағытталған 8 жобаның сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландыруға Қазақстан Республикасының Индустрияық даму министрлігіне 4,2 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.