ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ТАУАРӨНДІРУШЕЛІР МЕН КООПЕРАТИВТЕРГЕ БЕРІЛЕДІ

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазір қалада орналасқан тағы бір дүкен Шиелі ауданындағы «Мөлдір и К» құс фермасына берілді. Келесі әлеуметтік дүкенді сүт өнімін өндіретін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру мәселесі қолға алынуда.
Сонымен қатар, әлеуметтік дүкендер жүйесі ұлғайып жатыр. Биыл қосымша 5 жаңа әлеуметтік дүкен салынуы жоспарланған.
Сонымен бірге, тұрғындарға төмен бағамен азық-түлік өнімдерін сатуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі бекіткен кестеге сәйкес облыс және аудан орталықтарында сәуір айынан бастап апта сайын азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілуде.
Жыл басынан осы уақытта дейін 48 жәрмеңке өткізіліп, 320,18 млн. теңгенің өнімі сатылды.