КӨКТЕМГІ ШАҚЫРУДА 883 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы №741 қаулысына сәйкес көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық жұмылдыру басқармасының есебінен белгілі болды.
Сондай-ақ әскери қызметке шақыру маусымында шақырылушыларды үш мезгіл уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету тиісті деңгейде жүзеге асырылған. Сонымен қатар, облыстық жиын пунктінен Қызылорда теміржол вокзалына дейін құрамаларды шығарып салу үшін тасымалдайтын автокөліктің қауіпсіздігі қоғамдық тәртіпті қадағалайтын жол-патрульдік полициясы бекіткен кестеге сәйкес қамтамасыз етілді.
Ардагерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 21 рет жастарды әскерге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылып, облыстан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштеріне 833 азамат аттанды.