ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫП АЛЫНУДА
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше жыл басынан бері 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлар арасында 8 өнім бойынша баға қымбаттаған (рожки, сары май, сиыр еті, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант), 3 өнім бойынша баға төмендеді (қарақұмық жармасы, өсімдік майы, жұмыртқа), қалған 8 өнім бойынша баға бір қалыпты сақталуда.
Бүгінгі күні облыстың тұрақтандыру қорында 1753,5 тонна өнім сақталып, Қызылорда қаласында орналасқан «Дәмді» әлеуметтік дүкендер желісі мен аудан орталықтарында орналасқан операторлардың сауда үйлері арқылы сатылуда.
Ағымдағы жылдың 16 мамырда облыстық мәслихат сессиясының шешімі негізінде тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 200 млн. теңге қаржы бөлінді.
Осы шешімге сәйкес тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссия шешімімен 1814 тонна азық-түлік тауарын сатып алудың кестесі әзірленді.
Сонымен қатар, тізім бойынша өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативтерінен 50 тонна сиыр етін сатып алу жоспарлануда.
Бекітілген сатып алу кестесіне сәйкес бүгінгі күні тұрақтандыру қорына 1544 тонна көлемінде жалпы құны 154,5 млн. теңгенің тауарларын жеткізу бойынша келісім-шарт жасалды.
Сонымен қатар, тұрақтандыру қорын жергілікті картоппен қамтамасыз ету мақсатында жасалған келісімге сәйкес «Тоған» шаруа қожалығынан 500 тонна картоп күзде тұрақтандыру қорына жеткізілетін болады.