215 МЛН ТЕҢГЕ БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҮНЕМДЕЛДІ
Облысымызда мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылғалы бері өңірімізде бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік пен оларға сатып алуларға қатысуға теңдей мүмкіндіктер беру, мемлекеттік сатып алу процестерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік сатып алу басқармасының мәліметінше осы жылдың екінші тоқсанында 4 семинар, бір дөңгелек үстел өткізілді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы қызметкерлері Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» тыңдаушыларына «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында 26 сағат дәріс оқыған. Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 2 тоқсанында жалпы құны 22 млрд. 786 млн. теңгені құрайтын 84 конкурс өткізілді. Сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржы 1 млрд. 2 млн. 039 мың. 897 теңгені құрады. Кураторлық шеңберінде 2017 жылы басқарма қызметкерлері жалпы сомасы 3 млрд. 465 млн. 697 мың. 256 теңгеге өткізілген 67 конкурстық комиссияның жұмысына қатысып, нәтижесінде 215 млн. 177 мың. 884 теңге бюджет қаржысы үнемделді.