«ҚАЗАГРО» ХОЛДИНГІ АЙМАҚ ДИҚАНДАРЫНА 808 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛДІ
Биыл Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі 4 облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «ҚазАгро» Ұлттық холдингі желісі бойынша 8 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Республикадағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың негізгі көзі – бюджеттен бөлінген 60 миллиард теңгені «ҚазАгроның» еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» ұсынып отыр.
Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағандай, республика бойынша 6 айда «ҚазАгро» компаниялары барлық қаражат көздері есебінен 64,6 млрд. теңге сомасында 1301 өтінімді қаржыландырылған. Оның ішінде оңтүстік өңір бойынша 8 млрд. теңге бөлінді. Осылайша холдингтен Оңтүстік Қазақстан облысы диқандарына 2,5 млрд., Қызылорда облысы шаруашылықтарына 808,1 млн., Алматы облысы 521,1 млн., ал жамбылдық шаруалар 137 млн. теңге көлемінде қолдау көрді.
Биыл көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілген еді. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ауқымын кеңейтіп, оларға қажетті қаржыны барынша қолжетімді ету.