КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ МҮЛІКТІ ЖАЛДАУ ТҮСІМІ АРТТЫ
Осы жылдың 6 айында облыстық коммуналдық мүліктегі мемлекеттік тұрғын үй емес жайларды мүліктік жалға берудің 120 келісім-шарты жасалып, одан түскен қаржы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өскен.
Облыстық қаржы басқармасының жартыжылдық есебінде коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан 22,2 млн. теңге түскені хабарланып отыр.
2017жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша облыста 750 мемлекеттік мекеме, 391 жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, 32 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, 3 акционерлік қоғам, 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
Сонымен қатар, басқарма мамандары мүлікті жекешелендіру бағытындағы жұмыстарға да баса мән беруде.