ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕРДЕ АРЗАН ҚАНТ САТЫЛУДА
Жаз түрлі жеміс тосабын қайнататын кез. Бірақ, осы науқан қарсаңында қант бағасы көтеріліп, тіпті дүкен сөрелерінен көрінбей қалатын кездері болады.
Сондықтан да, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ тұрақтандыру қорына өткен жылдың соңында 204 тонна қант сатып алынды. Қазір ол Қызылорда қаласында орныласқан әлеуметтік дүкендер арқылы келісі 235 теңгеден сатылуда.
Бұл маусымаралық кезеңде қант бағасын тұрақтандыруға өз септігін тигізіп отыр.