КОРЕЙ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСУЛДАРЫ ҚАРМАҚШЫДА БОЛДЫ
26 шілдеде Корей Республикасының бас консулы Чжон Сынг-Мин, консул Ли Менг Дже және бас консулдың көмекшісі Чан Пен Хва Қармақшы ауданында болды.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлағандай сапар барысында Корей Республикасының консулдары Қармақшы ауданының III Интернационал ауылына барып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ ауылда тұратын корей өкілдерімен кездесті.
Олар Социалистік Еңбек Ері Цай Ден Хак атындағы мұражайда болды. III Интернационал ауылдық округіндегі «Бади Нұр» балабақшасын аралап, ондағы тәрбиеленуші әртүрлі этнос өкілі балаларының өнерін тамашалады. Сонымен қатар, Цай Ден Хак ескерткішіне гүл шоғын қойып, этнос өкілдерінің көрмесін тамашалады.
Ауылдық клуб үйінде корей этнос өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.