ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН НАСИХАТТАҒАН АУДАНДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Бүгін Арал аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында кеңес өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға облыстық ақпараттық топ мүшелері қатысты. Кеңесті аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұмагүл Әлішева ашты.
Жиын барысында облыстық мәслихат хатшысы, облыстық ақпараттық топ жетекшісі Наурызбай Байқадамов хабарлама жасап, Елбасы мақаласындағы ұлттық рух, ұлттық код ұғымдары жайлы тарата айтты. Ал облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қызылорда облысында ілгерілету жөніндегі жобалық офис басшысы Әлімжан Жарылқағанов өз хабарламасында аймақта бағдарламаны жүзеге асыру бағытындағы істерді саралады.
«Сананы жаңғырту және ұлттық прагматизм» атты баяндамасында Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ақпараттық топ мүшесі Нұрлыбек Мыңжас ұлттық сананың жаңғыруы және прагматизм мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Шараға қатысушылар баяндамашыларға сауалдар қойып, өз пікірлерін білдірді.