ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫНАН ЧЕМПИОНАТ ӨТКІЗІЛЕДІ
Өрт-құтқару спорты – қолданбалы көпсайыстың арасындағы ең әсерлі спорт түрлерінің бірі. Бұл көпсайыста спортшылар өрт сөндірушілердің нақты элементтерін қамти отырып жарысады. Өрт-құтқару спорт жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бағыттарының бірі болып табылады.
Осы жылғы 9-10 тамызда Қызылорда қаласында спорттың осы түрінен жасөспірімдер арасында VІІ республикалық жаэғы чемпионат өтіп, жерлестеріміз әдемі сайыстарды тамашалау мүмкіндігіне ие болады.
Чемпионатқа еліміздің барлық аймақтарынан мықты спортшылар келеді. Екі жүзге жуық спортшы үш күн бойы чемпиондық атақ үшін сайысқа түседі. Чемпионат бағдарламасына 100 метрлік жолақтан өту, өрт сөндіру эстафетасы, оқу мұнарасы қабатына шабуыл сатысымен көтерілу, жауынгерлік қанат жаю кедергілер енгізілген.
Жарыстың салтанатты ашылуы «Облыстық футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебі» КММ спорт алаңында өтеді.