ОТБАСЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау – біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бір екендігі белгілі. Көрмеге қатысқан. оқырмандар осы отбасы құндылығын насихаттайтын әдебиеттер мен ақыл-ой, адамгершілік, денсаулық, бала тәрбиесіне қатысты туындылармен танысты. Отбасының адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін ұғындыратын еңбектерді көрді.
Сондай-ақ, оларға осы тақырыпта баспасөзге жарияланған материалдар таныстырылып, шолу жасалды.