ТЕГІН КӘСІПТІК БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАДЫ
Биылдан бастап «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» атты жаңа жоба жүзеге асырыла бастады. Елбасы бастамашы болған бұл жоба жастарға еңбек дағдыларын тегін алуға мүмкіндік береді.
Осы бастамаға орай Қазалы ауданындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Қазалы көлік-техникалық колледжі өкілдері акция ұйымдастырды. «Ырыс Болашақ» орталық базарының алдында өткен шарада олар жұртшылыққа жастардың жарқын болашаққа ұмтылуына, білім алуына және жұмыспен қамтылуына ықпал ететін жоба жайлы түсіндірді. Кәсіптік-техникалық мамандықтар жайында кеңес берді.
Акция барысында жүздеген аудан тұрғыны аталмыш жоба жайында мағлұмат алды.