ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Осыдан 4 жыл бұрын жылы қабылданған жалпыүйлік жылу энергиясын есепке алу құрылғыларын енгізу бағдарламасын іске асыру мақсатында Қызылорда қаласында жалпы 654 үйге 238-де жалпыүйлік жылу энергиясын есепке алу құрылғысы орнатылды. Дәл осындай құрылғы жаңадан пайдалануға беріліп жатқан көпқабатты үйлердің барлығында бар.
«Құрылғы бағасы 400 мың теңге, осы себепті де қала тұрғындары оны орнатуды қолайлай бермейді. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК жылу тораптары филиалы мен «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-і қызметкерлері тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында түсіндірме жұмысын жүргізуде» делінген атамдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің хабарламасында.
ЖЕАҚ бойынша «Шұғыла» шағынауданын жылытылатын алаңы 4439,40 шаршыметр болатын сексен пәтерлі көпқабатты тұрғын үдегі төлемге тиісті тұтынылған жылу энергиясы көлемі, жылу үшін төлем сомасы 48%-ға дейін төмендеген. Үйдің қуатты үнемдеу тиімділігіне қарай үйлерде есептегішті орнатудан пайдасы мен жылу төлемінен ақша үнемделуі әртүрлі.
Шатырлары, өжірелері мен кірмелері жылытылмаған үйлерде ЖЕАҚ орнатылуынан пайдасы аз және жылу тиімділігі төмен. Жылу энергиясын тұтынуды талдау негізінде Қызылорда қаласы әкімдігі мен «Тұрғын үй қызметі» МКК-на «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-і қызметкерлері тарапынан үйлерді реконструкциялау мен жөндеу бойынша ұсыныстар беріледі.
Заңды тұлғалардың 275-і, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер (мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау ұйымдары, т.б.) жылу энергиясын есепке алу құрылғыларымен толығымен қамтылған.