ТЕГІН ШЕБЕРЛІК-САБАҒЫ ӨТЕДІ

Ал біздің елімізде кез келген жәбірленуші мен айыптының арасын бітімгершілікпен жалғайтын медиатор ұғымы 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан «Медиация туралы» заңынан кейін пайда болды.
Қазір түрлі деңгейдегі соттарда азаматтық істердің көпшілігі осы тәсіл арқылы шешімін тауып келеді. Сонымен қатар осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Сондай шараның бірі жуырда облыс орталығында өтеді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік жобасы аясында "Қазақылықтың атамекені" қоғамдық қоры мен "Ақиқат нұры" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен медиация бағытында тегін шеберлік-сабағы өтеді. Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы, Қазақстан Медиаторлары қауымдастығының бас директоры Жанділдә Жақыпов өткізетін бұл шара 31 шілде күні сағат 10.00-18.00 аралығында Достық үйі ғимаратында ұйымдастырылады.