АРАЛДА ТҮЙЕ СҮТІН ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Кездесуде компанияның шаруа қожалықтарынан және жеке тұрғындардан түйе сүтін нарықпен бірдей бағада қабылдауды жоспарлап отырғандығы айтылды. Сондай-ақ, елді мекендердің аудан орталығынан арақашықтығы және түйе сүтін жеткізу мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар қозғалған мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары әлі де нақтыланып, жоба ұсынылатын болады.