БАЛАЛАРҒА ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНЕ ЖОЛДАМАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдаулар жасалып келеді. Жуырда жетекші партияның Арал аудандық филиалында осы санаттағы балалар үшін жазғы демалыс лагеріне жолдама берілді.
Шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Әлішева мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов партия жобасы жайлы тарата айтып, 15 балаға Жаңақорған ауданында орналасқан «Тау самалы» жазғы тынығу лагеріне жолдама табыстады.
Осындай шаралар республика көлемінде өткізілуде.