ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 26 шілде күндіз, 27-28 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
төтенше жағдайлар департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы