ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ
«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, аудандық мәслихат депутаты К.Раева, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Н.Балтабай, аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері А.Жұмахмет Жосалы кентіндегі бірқатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасыларында болып, нәтижелі жұмыспен қамту мәселесіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы «Қармақшы таңы» газеті хабарлайды.
Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар қойған сауалдарға мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.
-Байқоңыр қаласын қоса есептегенде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта барлығы 48 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 5-і қоғамдық жұмысқа, 1-і әлеуметтік жұмыс орнына, 11-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. 1 адам Жастар тәжірибесімен, 1 адам қайта даярлау курсына жолданып отыр. Қалған 29 адамды жұмысқа орналастыруға тиісті шаралар жасалып, жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады,-дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Н.Балтабай.