БИЫЛ АҚЫЛЫ ЖОЛДАР САНЫ АРТАДЫ

«Биыл біз Астана-Теміртау (132 шқ) және Алматы-Қапшағай (42 шқ) автожолдарында ақы алу жүйесін монтаждау жұмыстарына кірістік. Ал, екінші жартыжылдықта Алматы-Қорғас (295 шқ) автожолындағы ақылы жүйені монтаждау жұмысы басталады. Жыл соңына қарай аталмыш учаскелерде ақылы жүйе толық енгізіліетін болады»,-деді министр Жеңіс Қасымбек.
ҚР ИДМ басшысының мәліметі бойынша жыл соңына дейін 5,5 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізу жобаларын әзірлеуді аяқтау жоспарланып отыр (Қапшағай-Талдықорған, Астана – Қостанай – РФ шекарасы, Павлодар – РФ шекарасы, Ақтөбе – Орал –РФ шекарасы, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы, РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда, Тараз – Қайнар, Щучинск – Көкшетау – Петропавл –РФ шекарасы, Орал – РФ шекарасы, Астана – Павлодар, Ақтау – Бейнеу, Қызылорда-Шымкент-Тараз, Шымкент- Өзбекстан шекарасы).
Ақылы жүйені енгізу мен жүйені пайдалану үшін осы саладағы әлемге танымал компанияларды (Kapch, FETC, РТ-Инвест) жұмылдыру мақсатында ЕҚДБ-нің қосымша қаржыландыруымен инвесторлар тарту жоспарлануда (іске асыру кезеңі 2018-2019 жылдар).
Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ЕҚДБ-нен 150 млн. АҚШ доллары көлемінде займ тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.