ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ
Арал қаласындағы орталық саябақта аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күндері" республикалық акциясы өткізілді.
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы, xалықты жұмыспен қамту орталығы мен үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан акцияда саябақтағы тақтайшаларға xабарламалар ілініп, қала тұрғындарына арнайы буклеттер таратылды.
Арнайы топ жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, бос жұмыс орындары жөнінде түсіндірме жасап, кеңес берді.