АЙМАҚТА ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫ АЗАЙДЫ
Бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары облыста халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жайын тарата айтты.
Бүгінде халықты жұмыспен қамту бағытындағы бағдарламалар аясында жасалған іс нәтижесінде аудандарда жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.
Мысалы, жыл басынан бері Сырдария ауданында ұйымдастырылған 5 жұмыс жәрмеңкесінің нәтижесінде 108 азамат тұрақты қызметке орналасқан. Алдағы уақытта осы өңірдің өзінде 450 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Баспасөз конференциясында солтүстік пен шығыстағы жұмыс күшіне тапшы аймақтарға оңтүстік облыстардан мамандарды шақыру науқаны жайлы да айтылды. Мәселен, биыл Шиелі ауданынан 2 отбасы теріскейге қоныс аударса, жақында 20 шаңырақ көшуді жоспаралап отыр.
Бұл бағыттағы жұмыстар Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында да жүзеге асуда.