АЙМАҚТА ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ САҚТАЛУДА
Бүгінде аймақта 176 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік болса, 165-і филиал есептік тіркеуден өткен.
Облыстық ішкі саясат басқармасының есебіне сәйкес, осы жылдың 6 айында түрлі форматта 1252 іс-шара ұйымдастырылып, оған 60 мың адам қатысты.
Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында тұрғындарға «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүктемелер таратылуда.
Алдын-ала әзірленген кесте бойынша қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілді. Және теологтар түрмедегілермен 102 мәрте кездесу өткізіп, оның 68-і діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандар арасында өтті .
Жарты жылда 700-ден астам интернет сайтқа талдау жасалып, күмән келтірген 227 сайт ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 43 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.