МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өңірдегі бір топ мүмкіндігі шектеулі балаға жазғы демалыс лагеріне жолдама берілді.
Шараға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, облыстық мәслихат депутаттары Райкүл Байназарова, Жорабек Нұрымбетов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Ерташова, партия белсенділері және мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары қатысты.
Шараны облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып, «Нұр Отан» партиясының мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауын қадағалап, кедергісіз орта қалыптастырудағы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының маңызыдылығына, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Райкүл Байназарова партияның саяси доктринасына сәйкес әлеуметтік қызметтерге, өмірдің тиісті жоғарғы стандарттарына барлық азаматтардың қол жетімділігі тең болуы тиіс екендігін атап өтті.
–Бұл мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі арқылы қамтамасыз етілуі керек. Бүгінгі шара ынтымақтастықтың бір көрінісі және өзара сенім, өзара жауапкершілік пен өзара көмек болып табылады»,- деді.
Жалпы, шара барысында нұротадықтар 125 мүмкіндігі шектеулі балғынға тынығу лагеріне тегін жолдама берді.