ҚЫЗЫЛОРДА ЭКСПО ҚОНАҚТАРЫН КҮТУГЕ ДАЙЫН
«EXPO-2017» қонақтарын Қызылорда облысында қабылдауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстанның алғашқы астанасы Қызылорда қаласын, Қорқыт Ата мемориалдық кешенін, Байқоңыр ғарыш айлағын қамтитын «Қорқыт сазы және Байқоңыр ғарыш айлағы» туристік маршруты әзірленді. Қызығушылық танытқандарға «Қамыстыбас» көлі арқылы Арал теңізінің «Көкарал» бөгеті, Арал қаласына туристік маршрут ұйымдастырылады. Тарихи-мәдени нысандар және «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандарын таныстыруда жоспарда бар.
Арал ауданында жүзеге асатын «Қамыстыбас» демалыс аймағының жобасы дайын. Бұл жерде сауықтыру, демалыс орындарын кешендері жүріп жатыр. Бүгінде жоспарға сәйкес сыртқы инженерлік желілері жеткізілді. Қалған жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тартуға жұмыстар жүргізілуде.