ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕСІРТКІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТОП ҰСТАЛДЫ
Облыс аумағында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын ірі көлемде сақтаған адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды ОІІД баспасөз қызметі.
Сезіктілердің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын тұтынуға арналған құрал-саймандар, есірткіге ұқсас шөп салынған орамалар анықталды. Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысында оның 1 келіден асатын марихуана мен 207 грамм гашиш екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша 35 және 31 жастар шамасындағы 3 азамат ұсталып, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.