ЖОБАЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Елбасы бастамашы болған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы кезеңі аясында облыста 2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының есебінше 2017 жылдың мамыр айында бірінші бесжылдықта іске қосылған 17 жобаның 11 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.
Олардың арасында «Қазгермұнай» БК ЖШС-нің ілеспе газ өңдеу, «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері, «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі, «Кристалл менеджмент» ЖШС – электрэнергиясы, «СКЗ-U» ЖШС - күкірт қышқылы, «СПК Қызылорда балық» ЖШС балық өнімдері, «Дорстрой» ЖШС-нің қызмет көрсету және «Хуа ю интернационал в г.Кызылорда» ЖШС-нің химиялық реагенттер жобалары жоспарлы қуаттылықты 90-100% аралығында меңгерді.
Ал «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС-нің электрэнергиясы жобасы редуктордың төмендету күші және генератордың жоғарғы дірілінің салдарынан өндірілген электроэнергия көлемінің төмендеуіне әкеліп соқты.
«Бис групп» ЖШС - мия тамырын - мия тамырын өндіру жобасының өнімі 45,5%. Қазір құрылғыға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Аралтұз» АҚ зауытында сәуір-мамыр айларында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарлы қуаттылықты 50-90 пайыз аралығында игерген бұл жобаларды толық іске қосу үшін жұмыстар жасалуда.
Ал 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында іске қосылған жобалар 6,6 млрд.теңгенің өнімін өндірді.