«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» СОТ АШЫҚТЫҒЫНЫҢ БЕЛГІСІ
Қызылорда облыстық соты бекіткен кестеге сәйкес облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
«Ашық есік» күніне қала тұрғыны Ж.Асқаров келіп, өзінен бұрынғы соттылықты алып тастау жөнінде сұрақтар қойды.
Қабылдауды жүргізген сот төрағасының міндетін атқарушы Асхат Сабыров қала тұрғынының мәселесіне орай түсінік берді.
Халықтың сотқа деген сенімін, сот қызметінің жариялылығын қамтамасыз ететін «Ашық есік» облыстық сот бекіткен кестеге сәйкес айына бір мәрте өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап ала алады.