АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА 11,8 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Аймақта тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш. Осы жылдың мамыр айында 71439 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121%-ға артыпты.
Мәліметтер бойынша 2017 жылдың мамыр айында жас немесе тоңазытылған ет 0,5%, шұжық 9,1%, ірімшік және сүзбе 14,3%, өңделген сұйық сүт 25,7%, өзге де сүт өнімдері 25,7%, көкөністен жасалған консервілер, жеміс және көкөніс шырындары 50%-ға кеміген.