ТҮЛІК САНЫ КӨБЕЙІП, ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Аймақта осы жылдың 1 шілдесіне 313,9 мың сиыр, 784,7 мың қой, ешкі, 122,6 мың жылқы, 44,8 мың түйе және 95,2 мың құс өсірілуде.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,2%-ға, қой мен ешкі 3,4%-ға, жылқы 12,9%-ға, түйе 3,4%-ға, құстың саны 14,5%-ға көбейді.
Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 15205,4 тонна ет (тірі салмақта), 37756,7 тонна сүт, 460,1 тонна жүн және 2307,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше ет 2,2%-ға, сүт 1,8%-ға, жүн 9,3%-ға және жұмыртқа өндіру 8,5%-ды құрады.
«Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 2100 сиыр (72 бұқа) сатып алу жоспарланып, бүгінгі күні 58 шаруашылық 2134 бас сиыр (101 бұқа) сатып алынып, жоспар 101,6%-ға орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1000 қой (40 қошқар) алу жоспарланып, 8 шаруашылық 1153 қой (151қошқар) сатып алды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 500 бас жылқы сатып алу жоспарланса бүгінгі күні 13 шаруашылық осы түлік түрінен 408 бас сатып алған.