КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА БАРЫСЫН БАЯН ЕТТІ
«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалында «Елбасымен бірге - біртұтас ұлттың кемел келешегіне!» тақырыбында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалым Телібаев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің қызметкерлері, бастауыш партия ұйымының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева ел еркіндігін алған жылдардан бастап шағын және орта бизнес саласы қолдаудан кенде болмағандығын айтып өтті. Осылайша бизнесті өркендетуді мемлекеттік қолдау жүйеленіп, бүгінде ол қоғам дамуының негізгі бағытына айналды.
Кездесу барысында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалым Телібаев та осы бағыттағы бастамалар жайлы айта келе жергілікті іскерлердің осындай қолдауды тиімді пайдалануы қажеттігін жеткізді. Шағын және орта бизнестің аудан экономикасын дамытудағы үлесін ұлғайтуға шақырды.
Шараға қатысушалар да кездесу тақырыбына орай пікірлерін білдіріп, шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты ойларын жеткеізді.