ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕР ҮЙЛЕРДЕН ТҰРАТЫН ШАҒЫН АУДАН САЛЫНАДЫ
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына орай Сырдарияның сол жағалауынан жер үйлерден тұратын шағынаудан бой көтермек. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, банктің Қызылордадағы салымшылары сол жағалаудан түсетін үйлерде тұратын болады.
Қызылорда қаласының бас жоспарына сай, Сырдарьяның сол жақ жағалауы бірнеше жылдан соң заманауи тұрғын үйлер ауданына айналады. Жайлы үйлермен қатар, жаңа ауданға спорт кешендері, оқу мекемелері, ботаникалық бақ түседі. Бұл туралы осы өңірге сапары кезінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова баяндаған болатын.
— Бірінші кезекте қаланың сол жақ жағалауында бірыңғай стильде салынған жеке үйлерден тұратын тұрғын үй ықшам ауданы салынады. Қазір телімдер тегістеліп жатыр, тіпті алғашқы нысандардың іргетасы төселіп, инженерлік коммуникациялар жеткізілуде. Құрылыс аяқталған соң, бұл тұрғын үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алуға болады, — дейді ҚТҚЖБ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Жоспар бойынша 40 үйге арналған 4 ықшамаудан салынады. Осы ықшамауданнан тұрғын үй алуға үміткер ретінде жеке тұрғын үй құрылысынан жер телімін алуға кезекте тұрғандар қарастырылады. Жер әкімдіктің атынан тегін беріледі, ал сол жерге тұрғызылған үйлер сатылатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы мақсатта, үміткерде тұрғын үй бағасының 30% болған жағдайда, жылдық 5%-бен жеңілдігі бар кредит береді.
Биыл Қызылорда облысында 7 000-нан аса салымшы өз депозиттерін ашып, болашақ өз үйлеріне ақша жинап жатыр. 1 400 салымшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы өз тұрғын үй жағдайларын жақсартып алды. Көп ұзамай тағы 700 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. «Бәйтерек девелопмент» желісі бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Арай» ықшамауданында олар үшін 14 үй салынды. Пулдар тіпті құрылып та қойды, салымшылар төлемқабілеттілігін растайтын рәсімдерден өтіп, сатып алу-сату шартына қол қойып жатыр.