ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мамандарының хабарлауынша бюджет көлемі 188 196,2 млн. теңгеге, бюджеттің кіріс көзі 1 263 млн теңгеге ұлғайтылды. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген артық пайдаланылған нысаналы трансферттер қайтарылды.
Облыстық бюджет кірісінің негізін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың Қызылорда қаласы мен аудандық бюджеттерінің аударым пайыздары құрады.
Биыл облыстық бюджеттің жалпы кірістер көлемі 2017 жылы 174 801 940,1 мың теңге, 2018 жылы 157 155 959 мың теңге, 2019 жылы 151 116 888 мың теңгені құрады.
Негізінен облыстық бюджет шығындарының 35,1 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр.
Білім беру функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстар шеңберінде 2017 жылға 22449,9 млн теңге, 2018 жылға 18663,7 млн теңге, 2019 жылға 17199,8 млн теңге қаражат көзделген.
Аймақтың білім беру жүйесі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және аймақ экономикасын тұрақты өсуі үшін білімнің сапалы қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Денсаулық сақтау функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде 2017 жылға 24913,3 млн теңге, 2018 жылға 5559,7 млн теңге, 2019 жылға 4920,1 млн теңге қаралып отыр.
Бұл қаржы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ана мен сәби өлім-жітімін азайту, медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалады.