«БИЗНЕС-МЕКТЕП» АЯСЫНДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-мектеп» аясында тәлімгерлік қағидаларына негізделген жобалық оқытудың басталғанын хабарлайды.
Палата баспасөз қызметінің мәліметінше жобалық оқыту «Шаруа қожалығын ашу», «Наубайхана, кулинария ашу», «Клиника, стоматология ашу», «Құрылыс материалдарын өндіру», «Оқу орталығын ашу», «Компьютерлік, полиграфиялық қызметтер», «Жиһаз цехын ашу», «Киім және төсек жабынғыштарын өндіру», «Асхана және жылдам ас кафесін ашу» тақырыптарын қамтиды. Жобалық оқытуға қатысушыларға қойылатын талаптар да күрделі емес. Басты талап – жеке кәсібі мен (ЖК, ШҚ, ЖШС және т.б.) кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың «Бизнес-Кеңесші» қысқа мерзімді курсын аяқтағаны туралы сертификаттың болуы.
Қызығушылық танытқандар Әйтеке би, 28 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады.
Бизнес-тренер Мәдина Қасымжан, 8-724-22-40-02-02.