ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР БИ АЛАҢЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТПАҚШЫ
Өткен күннің өнегелі тұстарын жастар тәрбиесіне жаратуды көздеген қазалылық азаматтар кенттегі би алаңын қайта жаңғыртуды көздеп отыр.
Кенттегі теміржол вокзалы маңынан өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған би алаңы сол тұстағы жастар бас қосатын бірден-бір орын болды. Кейін ұзақ уақыт қараусыз қалып қойған алаңда жуырда 1960 жылы туған азаматтар жиналып, әдемі кеш өткізді. Жетпісінші жылдардың әуеніне билеген олар бұл шараның жалғасты болатынын айтып отыр.
Алдыңғы толқын ағалардың пікірінше би алаңына жастар да келуі керек.
Мектепті бітіргендерінің 40 жылдығына орай өткен кеште осындай бастама көтергендер «Мұндай шаралардың тұрақты ұйымдастырылуы, жастардың жат әдеттің жетегінде кетпеуіне сеп болады» дейді.