ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІН ӨТКІЗДІ

Әйтеке би кентінде өткен шарада «Қазалы ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының» маманы Н.Есекеева мен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі А.Дәрібаев тұрғындарды бос жұмыс орындары туралы мәліметтерден хабардар етіп, түрлі саладағы қажетті мамандық иелері туралы ақпарат берді. Мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту бағытында жасалып жатқан бастамалар жайлы айтты.
Алдағы уақытта осындай шараны кентпен қатар Қазалы қаласында да өткізу жоспарланып отыр.