ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУПІ АЙТЫЛДЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары Абай ауылындағы мәдениет үйінде «Діни экстремизм - қатерлі құбылыс» тақырыбы аясында ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде 2013-2017 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы мемлекеттік бағдарлама, жастардың діни сауаттылығын арттыру мен дәстүрлі дініміздің құндылықтарын қадірлеу, дінаралық татулықты нығайту жайлы сөз болды. Ұйымдастырылуына «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі өкілдері де атсалысқан жүздесуде мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын насихаттау және дәстүрлі емес жат ағымдардың белгілері мен зияны туралы кеңінен айтылды.
Шарада ауыл әкімі Б.Ерқосаев, ауылдық «Ыбырайым қари» мешітінің бас имамы Ж.Айбек, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бөлімі меңгерушісі Н.Нәлібаев жұртшылық сауалына орай түсіндірме жасады