АЛҚАБИЛЕР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер тізімін қалыптастыру тәртібі талқыланды.
Талқылау жұмысында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы судья Асхат Сабыров, облыстық прокуратура өкілі Нұрлан Қалиев, облыс, қала әкімі аппаратының өкілдері қатысты.
Жиында «Алқабилер туралы» заңына сәйкес, бастапқы, қосалқы, бірыңғай және қосымша тізімдерінің жасау тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар жөнінде, алқабиге кандидаттардың тізімдеріне енгiзбеу, заңсыз енгiзу немесе тiзiмнен шығарып тастау бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешiмдеріне шағым жасау құқықтары жөнінде айтылды.
Іс-шараға қатысушылар алқабилердің тізімдерін жасақтау кезіндегі кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Бақытжан Қалымбет іс-шараны қорытындылап, әкімдік өкілдерінен алқабилердің тізімін нақты, дұрыс, сапалы жасауды ұсынып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.