ҚЫЗЫЛОРДА-ПЕТРОПАВЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПОЙЫЗ ВАГОНДАРЫ ЖАҢАРДЫ
Өткен жылы жылы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялау механизмін өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, жолаушылар вагондары паркін жаңартуға инвестициялар тартуға заңнамалық негіз пайда болды.
ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес жаңа шарттар бойынша жасасқан қаржыландыру келісімшарттарына сәйкес ағымдағы жылдан бастап тасымалдаушылармен әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жаңа жолаушылар вагондарын деңгейлі сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, №75/76 Қызылорда – Петропавл бағытындағы поезд құрамы 56%-ға жаңартылды.
Сонымен бірге, №307/308 Астана – Жезқазған және №55/56 Көкшетау – Қызылорда бағыттарындағы поездар құрамдарын 10 купе және плацкарт вагондарымен ішінара жаңарту күтілуде.
Жаңа вагондар қадағалау, диагностика және вагонды басқару жүйесімен, ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сонымен қатар жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған.
Жолаушылар вагондарын кезеңді жаңарту шаралары алдағы жылдары жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық жолаушы вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа теміржол көлігімен қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.