ШЕТЕЛДІК 3 АЗАМАТ ЕЛ ШЕКАРАСЫН ЗАҢСЫЗ КЕСІП ӨТКЕН
Осы жылдың 6 айында облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 20 689 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 709-ы алыс шетелдерден, ал 19 980-ы ТМД елдерінен келгендер, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Шетелдіктердің республика аумағында болу, келу-кету ережелерін сақтау жағдайына жүргізілген арнайы шолу барысында көші-қон заңнамасын бұзған 3085 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың 148-і ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғандығы белгілі болды. Тағы 60 азаматтың шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны анықталды. Оларға әкімшілік шара көрілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 173 шетелдік азамат республика аумағынан аластатылып, 551 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.
Ағымдағы жылдың 6 айында көші-қон полициясы қызметі 12 млн. 094 мың 853 теңге айыппұл салып, 95%-ы өндірілді.
Сонымен қатар, еңбекші көшіп-келушілерге барлығы 8681 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 85 млн. 650 мың 512 теңге түсірілді.