«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

Кездесу барысында ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, қалада түрлі бағыттағы бірлескен жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Делегация мүшелері 2017 жылғы 17-23 шілде аралығында Мәскеу қаласында өтіп жатқан «МАКС-2017» ХІІІ халықаралық әуе ғарыш салонындағы экспозицияларды көрді. Қазақстандық делегация «Роскосмос», «Біріккен әуе құрылыс корпорациясы» павильондарына барып, ұсынылған экспонаттармен танысты.
Бұдан бөлек, Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы ресейлік кәсіпкерлер тобымен, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В.Садовничиймен және "МИСиС" Ұлттық университетінің ректоры А. Черниковамен кездесулер өткізді.