КҮН ЫСЫП, ШАҢДЫ ДАУЫЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша 22 шілдеде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде күн қатты ысып, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.
Осы күні облыстың кейбір аумағында кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы