«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» ЖАЛАҒАШҚА ЖЕТТІ

Мұндағы мамандардың айтуынша, тұрғындар көбінесе кардиолог, рентгенолог, хирург пен стоматологқа қаралуда. Пойыз құрамындағы хирургия бөлімінің дәрігерлері түрлі жарақаттарды қарап қана қоймай, баланы сүндетке де отырғызады.
Көшпелі емхана осы ауылдардан кейін Жалағаш кенті мен 5 станцияға аялдап, халыққа медициналық қызмет ұсынатын болады.