ЖАҢАҚОРҒАНДА КӘСІПКЕРЛІК КЕҢ ҚАНАТ ЖАЮДА
Жаңақорған ауданында жыл өткен сайын кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді. Қазір ауданда өз алдына іс ашқандар қатары көбейіп отыр, деп хабарлайды «Жаңақорған тынысы» газеті.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметіне сәйкес 2017 жылдың 30 маусымына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 3103 болып отыр.
Оның 229-ы заңды тұлғалар болса, 996-ы шаруа қожалықтары. Сонымен қатар ауданда 1878 жеке кәсіпкер бар, олар 9213 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жыл басынан бері салада 2666,1 млн теңгенің өнімдері (оның 884,9 млн теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетілген.
Бюджетке түскен салық 537,7 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір артқан.