«АҚ БИДАЙДЫҢ» АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жексенбіге дейін созылатын жарысқа 7 ауданнан 1000-ға жуық спортшы қатысып, спорттың 14 түрінен бақ сынасып жатыр.
Жарыстың алғашқы күні спорттың 3 түрінен жеңімпаздар анықталды. Қол күресінен Жаңақорған ауданы алғашқы орынды иеленсе, сырдариялықтар екінші орынға шықты. Үшінші орын Қармақшы ауданының командасында.
Қазақ күресінен қармақшылықтар бірінші орынға шықты. Екінші орынға шиеліліктер жайғасса, үшінші орын тұғыры Жалағаш спортшыларына бұйырды.
Ұлттық ойын – асық атудан аралдықтар алда болды, қазалылықтарға бұйырғаны – екінші орын. Бұл үштікті Жалағаш ауданы спортшылары түйіндеді.