КӨЛІК ҰРЛАҒАНМЕН КӨПКЕ ҰЗАМАДЫ

Дәл осындай тағы бір дерекке қатысты іс те көп ұзамай ашылды. Бұл жағдайда әккі ұры «ВАЗ – 2107» маркалы автокөлік есігінің ашық қалғанын пайдаланып, белгісіз бағытқа қарай айдап кеткен. Полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар беріліп, іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Оған да қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін полицейлер облыс тұрғындарынан автокөліктерін қараусыз қалдырмауларын, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа тұраққа қоймауларын, құжаттар мен құнды заттарды автокөлік ішінде сақтамауларын ескертеді.