ЖАРТЫ ЖЫЛДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР 356,4 ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ
Осы жылдың қаңтар мен маусымы аралығы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 356,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералды өнімдерінің артуы есебінен өңдеу бұл бағыттағы өсім 5,7 пайыз (49,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді) болған.
Облыстық әкімдік мәліметінше осы жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында аймақта 2 ірі жобаны жүзеге асыру көзделуде. Қос өндіріс орны іске қосылғанда 284 жұмыс орны ашылады.
Соның бірі – табақша шыны шығару және өңдеу зауыты. Жалпы құны 37,6 млрд теңге болатын зауытты осы жылдың төртінші тоқсанында қолданысқа беру көзделуде.
Жобаны мемлекеттік қолдау аясында Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан 50 гектар жер телімі және инвестициялық преференция ретінде заттай грант, салықтық жеңілдіктер, кедендік баждан босату мен шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квоталар берілді.
Ашылуы осы жылдың еншісіне жазылмақ тағы бір өндіріс орны –«Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Екінші жартыжылдықта іске қосылуы жоспарланып отырған жоба құны 871,5 млн. теңге, зауыт жылына 500 тонна үшокись молибден өндіреді.